Әлем
1 мин оқу 120

Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді

<p style="text-align: justify;">Бірер сағат бұрын Иран Израиль аумағына 100-ден астам дрон жіберген. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің ресми өкілі Эффи Дефрин мәлімдеді. Қазіргі уақытта әуеге көтерілген дрондарды анықтап, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді

Reuters агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы шиеленістің ушығуына байланысты мұнай бағасы бірден 9%-ға көтеріліп, баррелі 75 доллардан асып түскен.  

Израильде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, Тель-Авив халықаралық әуежайы уақытша жабылған. Денсаулық сақтау жүйесі де жоғары дайындық режиміне көшіп, ауруханаларда қосымша орындар әзірленіп жатыр.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, тұрғындар азық-түлік пен тұрмыстық қажеттіліктерді жаппай сатып алып жатыр. Сауда орындарында ұзын-сонар кезек пайда болған.

Бөлісу:
Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар