Спорт
1 мин оқу 90

Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абылайхан Жұбаназар  әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде Бразилия өкілі Габриэль Фалькаоға қарсы татамиге шыққан. Жұбаназар қарсыласына қарсы тиімді әдіс қолданып, екі мәрте «юко» ұпайын еншілеген. Осы нәтижемен белдесуді өз пайдасына аяқтап, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалға шығу үшін Абылайхан Жұбаназар енді ресейлік балуан Тимур Арбузовпен белдеседі.

Бөлісу:
Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар