Алматыда балалар SIM-картасы іске қосылды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының прокуратурасы мен TELE2/ALTEL байланыс операторының бірлесуімен «SIM KIDS» атты балаларға арналған арнайы SIM-карта жобасы ресми түрде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жоба балаларды интернеттегі зиянды және деструктивті контенттен қорғауға бағытталған. Бұл бастама Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес әзірленген 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асып отыр. Жоспар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.
«SIM KIDS» SIM-картасы ата-аналарға баланың онлайн әрекеттерін бақылауға, зиянды сайттар мен қосымшаларды автоматты түрде бұғаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дыбыссыз режимде болса да байланыс үзілмейді.
Пилоттық кезеңнен сәтті өткен жоба бүгінде барлық ата-аналар үшін қолжетімді.