Тағайындау
1 мин оқу 60

Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға бас бапкер келді

<p style="text-align: justify;">ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға бас бапкер келді

Осы қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді командада бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмыс істейді. Юрий Мельниченконың жетекшілігімен Қазақстан грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы әлем чемпионатында 1 күміс медаль (Ержет Жарлықасын) жеңіп алған.

Осыған дейін Қонысбек Кәрімұлы 20 жасқа дейінгі Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы болған. Қонысбек Төкенов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы ресми халықаралық жарыс 17-20 шілде аралығында Будапеште өтетін рейтингтік турнир болады.

Бөлісу:
Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға бас бапкер келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар