Кино
1 мин оқу 40

«Әжесінің баласы» тағы да марапат алды

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Чита қа&shy;ла&shy;сында XII Забайкалье халықаралық ки&shy;но&shy;&shy;фес&shy;&shy;тивалі өтті. Фес&shy;тиваль қоры&shy;тын&shy;ды&shy;&shy;сы бойынша &laquo;Жаңа көз&shy;қарас&raquo; байқауының үздік фильмі ретінде Қазақстан режис&shy;сері Асхат Кү&shy;чин&shy;череков&shy;тің &laquo;Бауы&shy;рына салу&raquo; кар&shy;тинасы танылды.</p>

«Әжесінің баласы» тағы да марапат алды

Айта кетейік, фильм Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі мен Ұлттық кино­ны қолдау мемлекеттік орта­лығының қолдауымен түсірілген. Кинотуынды әже­сінің тәрбиесінде өскен баланың тағдырын баяндайды. Фильмде көне қазақ дәстүрі – баланы бауырына салу айқын көрініс табады. Әжесі қайтыс болған соң бала ата-анасына оралып, олармен қайта байланыс орнатуға тырысады. Бұл – режиссердің өз басынан өткен оқиғаларға негізделген туынды.

«Бауырына салу» фильмі бұған дейін де халықара­лық деңгейде жоғары бағалан­ған. Ол «Asia Pacific Screen Awards» байқауында үздік жас­өс­пірімдер фильмі атан­ды, Әзербайжанда өт­кен «Baku International Film Festival»-дің бас жүлдесін иеленді, Фран­циядағы «Cine­ma Heritage Festival»-де арнайы марапатқа ие болды. Сон­дай-ақ фильмнің операто­ры Жанарбек Елеубек «Asia World Film Festival»-де «Үздік оператор» аталымы бойынша марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан атынан 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына «Шетел тіліндегі үздік фильм» санатында ресми түрде ұсынылған болатын.

Бөлісу:
«Әжесінің баласы» тағы да марапат алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар