Шаруашылық
1 мин оқу 40

Шегірткелерге қарсы шаралар жалғасып жатыр

<p style="text-align: justify;">Сала министрлігінің мәліметінше бүгінде ауыл шаруашылығы алқаптарының 2 миллион гектары өңделген. Зиянкестермен күрес шараларына 443 арнайы бүріккіш техника, соның ішінде 49 дрон жұмылдырылған. Зерттеу жұмыстарын 3,5 мыңнан астам адам жүргізіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шегірткелерге қарсы шаралар жалғасып жатыр

Жергілікті жерлердегі жұмысты облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар үйлестіріп отыр.

Шекара маңындағы аумақтар бақылауда тұр. Нақты атағанда, 2-6 маусым аралығында Қазақстан мен Қырғызстанның шекара маңы аумақтарында бірлескен зерттеулер жүргізілсе, 9-13 маусымда ҚХР мамандарымен бірлескен зерттеулер өтті. Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Қытай тарапынан шегірткелердің ұшып келуі мен көшу қаупі жоқ.

Ресеймен және Өзбекстанмен шекаралас аумақтарда шегірткелердің таралу ошақтары анықталмаған. 

Шегірткелерді бақылау және оларға қарсы күрес шаралары жоспарлы түрде жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Шегірткелерге қарсы шаралар жалғасып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар