Өндіріс
2 мин оқу 50

«Qarmet»-тің цифрлық жүйесі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Qarmet&raquo; компаниясы &laquo;Алтын Гефест 2025&raquo; ұлттық &shy;бай&shy;қауында ерек&shy;ше цифр&shy;&shy;&shy;&shy;лық жобалары үшін &laquo;Тау-кен металлургия кешеніндегі ең үздік digital-шешім&raquo; арнайы аталымында жеңімпаз атан&shy;ды. Ком&shy;&shy;&shy;панияның Көмір депар&shy;&shy;&shy;таменті Диспетчерлік-&shy;тал&shy;дау ор&shy;&shy;&shy;та&shy;&shy;лығын және елі&shy;міз&shy;де баламасы жоқ &ndash; персонал мен техника по&shy;зи&shy;&shy;&shy;циясын анық&shy;&shy;тайтын бірікті&shy;ріл&shy;ген жүйені әзірлеп, іске қос&shy;&shy;қан.</p>

«Qarmet»-тің цифрлық жүйесі

Әр шахтермен жеке байланыс жүйесі орнайды

Орталық 2024 жылғы тамыз­да Қарағанды қаласында іске қосыл­­ған және қазірдің өзінде нақты нәти­же­лер көрсетіп отыр. Шахталарда газ деңгейінің көтерілуіне байланысты болатын төтенше жағдайлар саны 43,8%-ға азайған. Жоба – «Qarmet» компаниясының кең көлемді цифр­ландыру бағдарламасының бір бө­лігі және отандық DMMS өндіріс­тік басқару платформасы негізін­де жұмыс істейді. Жобаның негізгі мақсаты – өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру және барлық 8 шахтада басқаруды жақсарту. «Qarmet» АҚ Тұрақты даму жөнін­дегі басқарушы директоры Ербол Исмаиловтың айтуынша, жерасты позициялау жүйесі қазірдің өзінде ­4 шахтада енгізілген, жыл соңына ­д­ейін барлық шахтада жұмыс істейді.

«Бұл жүйе бізге әр шахтердің қай жерде екенін, оның жағдайын, жұмыс орнындағы ауа мен желдетудің жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді. Біз жер астындағы әр қызметкермен байланысқа шыға аламыз», дейді Е.Исмаилов.

Өндірісті цифрландырудың пайдасы неде?

Көмір департаментінің бас энер­гетигі Юрий Барковскийдің ­айтуынша, кен орындарына жары­лыс­қа төзімді бейнебақылау жүйесі орнатылған.

«Ол газды ортада да жұмыс іс­тей­ді. Камералар байланысқа қосыл­ған сәттен соңғы минутқа дейін көр­се­теді. Онда қуаттаушы стансалар бар. Мұнымен қоса, шахталарға кіру тур­никеті мен автоматтандырыл­ған ме­дициналық қондырғылар орнатылған. Олар кеншінің ден­саулығын бірден тексереді. Талапқа сәйкес келмеген жағдайда жер астында жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Арнайы терминалдар кеншілер­дің қауіпсіздік туралы білімін жетіл­діруін қамтамасыз етеді. Олар сынақ тапсырып, нәтижелерін дереу көреді», дейді.

«Alarmphone» ахуалды түзейді

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қара­ған­ды­ға сапарында «Qarmet»-тің дис­пет­чер­лік-талдау орталығын аралап көр­ді. Президент шахтерлердің өндіріс­тегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған тың шаралармен танысты. Мемлекет басшысы «Саран» шахтасында, 620 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқан кен­ші­лермен бейнебайланыс арқылы сөй­лесті. Кәсіпорын жұмысшыларды жаңа «alarmphone» құрылғысымен жабдықтаған. Қорғаныс деңгейі аса жоғары гаджетте қызметкермен жедел байланысуға арналған смартфон функциясы бар.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
«Qarmet»-тің цифрлық жүйесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар