Саясат
1 мин оқу 120

Комиссия отырысы өтті

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.</p>

Комиссия отырысы өтті

Комиссия мүшелері биыл Мемлекет­тік сыйлыққа ұсынылған жұмыстар және мемлекеттік ғылыми-техникалық сарап­таманың қорытындысы туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің баяндамасын тыңдады.

Комиссия отырысының қоры­тын­дысына сәйкес, гуманитарлық ғылым­дар, ғылым мен техника салалары бойынша 2025 жылы Мемлекеттік сыйлық алу үшін алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі анықталды. Келесі кезеңге өткен жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бөлісу:
Комиссия отырысы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар