Спорт
1 мин оқу 160
Садақшылар 2 алтын медаль жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Сингапурде садақ атудан Азия кубогі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аралас командалар арасында блоктық садақ атудан отандастарымыз Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы финалда Үндістан спортшыларынан басым түсті. Қорытынды есеп 155-153.
Тағы бір финалдық сайыста Қазақстан ерлер құрамасы (Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса, Бунед Мирзаметов) Үндістаннан барған қарсыластарын (235:231) ұтып, алтын медаль иеленді.
Бөлісу: