Ауа райы
1 мин оқу 110

Демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып, жел тұрады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметі&nbsp; 21-23 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып,  жел тұрады

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райына циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

«Республика аумағының батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жауын болып, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауылдар болады», делінген хабарламада.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Күндіз термометр бағаны:

  • батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде +18…+30°С,

  • орталықта +20…+33°С көрсетеді.

  • шығыстағы кей аудандарда күн қатты ысып, +35°С-қа дейін жетуі мүмкін.

Ал тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауаның қатты ысуы (+35…+40°С) болжанып отыр, жауын-шашын болмауы ықтимал.

Бөлісу:
Демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып, жел тұрады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар