Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Ақтөбе жастары жемқорлыққа қарсы акция өткізді

15 02 - akciya АҚТӨБЕ. 15 ақпан. Ақтөбеде белсенді жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізді. «Мега Ақтөбе» сауда орталығында өткен осы шараға 120-дан астам қыз-жігіт қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, сондай-ақ облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен өткізілген акцияда тұрғындарға жемқорлықтың қоғам дамуының жегі құрты екені түсіндірілді. Ақтөбедегі жастар ұйымдары мен оқу орындарының белсенді өкілдері атсалысқан флешмоб аясында келушілерге жемқорлық деректері жазылған түрлі парақшалар таратылып, онымен бетпе-бет кездескен жағдайда қайда хабарласуға болатындығы жайлы ақпараттар берілді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: inform.kz.
Бөлісу:
Ақтөбе жастары жемқорлыққа қарсы акция өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар