Өнер
1 мин оқу 30

«Ла Скалада» тағылымдамадан өтеді

<p style="text-align: justify;">Опера әншісі Әйгерім Алтынбек әлемдегі беделді опера өнері оқу орындарының бірі &ndash; &laquo;Ла Скала&raquo; театры академиясында тағылымдама&shy;дан өтеді.</p>

«Ла Скалада» тағылымдамадан өтеді

Бейнежазба арқылы өткен алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан. Олардың ішінен 12 үздік орындау­шы таңдалып алынды. Солардың қа­тарында Қазақстаннан қатысқан Әйгерім Алтынбек те бар.

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты. Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқа­уында жеңімпаз атанды.

Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқа­уында Әйгерім үшінші орын иеленді. Қазақстандық әнші атақты италия­лық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды. Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық ­вокал байқауында өнерпаз екінші орынға ие болды.

25 маусымда әлемге әйгілі Хосе Каррерастың концерті өтеді. Осы кеште Әйгерім Алтынбек те өнер көрсетеді. Концертте әлемдік опера ариялар шырқалып, танымал дуэт­тер сахнаға шығады. Сондай-ақ 27–28 маусымда Италияның Неа­поль қаласында Андреа Бочел­лидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды.

Дарынды өнерпаз­дың бұл жетістігі – оның білімге деген ұмтылысы мен кәсіби шеберлігінің жемісі.

Бөлісу:
«Ла Скалада» тағылымдамадан өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар