Жәдігер
1 мин оқу 20

Хан батырының сапысы

<p style="text-align: justify;">Түркістан қаласында орналасқан &laquo;Әзірет Сұлтан&raquo; мемлекеттік та&shy;рихи-мәдени қорық музей қорында құнды жәдігер бар. Оның анық&shy;та&shy;ма&shy;лығында дарабоз батыр &laquo;Қабанбайдың қанжары&raquo; деп жазылған.</p>

Хан батырының сапысы

Қанжардың са­­бы мүйіз, же­тесін қорғасын құ­йып шегендеген. Тегі бұл бе­ртінде жасалған реставраторлар жұмысы болса керек. Қанжардың қыр арқасынан бас­тап, жете­сінен созылған қос ойма қобы сы­зығы бар. Ұш жағы кәдімгі пышақ сияқ­ты қайқы. Қанжар-экспонаттың құ­жа­тында: жалпы ұзындығы – 34,4 см, сабы – 11 см, салмағы 0,8 кило делініп­ті және бұл бұйымды музей қорына ­өт­кіз­ген адам ретінде танымал суретші ­Сахи ­Ро­манов есімі тіркелген.

Аталған жәдігер туралы қабан­бай­та­нушы және елорда маңындағы батыр зиратының шырақшысы Камал Әбді­рах­ман ағамыздан сұрап көрдік.

«Бұл «қанжар» емес, сапы, – дейді Камал аға. – Жәдігерді 1980 жылы белгілі мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков музейге өткізген. Мен бұл туралы Өзағаңның өзінен сұрап, толық мәлі­мет алғанмын. Ол кісіден «Аға, Түр­­­­кіс­тандағы батыр атамыздың сапы­сын музейге сіз тапсырған екенсіз, ол бұйым қолыңызға қалай түскенін айтып бермейсіз бе?» дедім. Сондағы Өза­ға­ның берген жауабы: «1723 жылы Әбілмансұрдың атасы қанішер Абы­лай Түркістанды жауға тастап қа­шып кеткен тұста, Қабанбай батыр ұран­дап жүріп бытыраған халықты жинап, жауға қарсы тұрады. Батырдың жан­қияр­лығына риза болған халық бас­шысыз қалған елге Қабанбайды хан көтеріпті. Қабакеңнің «Хан батыр» атан­ған себебі сол. Осы рәсім кезіндегі «Хан талапайда» Қабекеңнің сапысы біз­дің аталарымыздың қолына түсіпті. Ұр­пақ­тан-ұрпаққа жалғасып маған жетті. Мен оны музейге өткіздім. Бар-жоғы осы», депті.

Бөлісу:
Хан батырының сапысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар