Білім
1 мин оқу 100

ҰБТ-дан шекті ұпай жинаған түлек автокөлікке ие болды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) ең жоғары 140 балл жинаған астаналық оқушы Жанайым Рашитке жаңа автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҰБТ-дан шекті ұпай жинаған түлек автокөлікке ие болды

Жанайым Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып түлегі. Ол бейіндік пәндер ретінде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдап, тестілеуден максималды нәтиже көрсеткен. Осы жетістігі үшін лицей әкімшілігі оған заманауи Zeekr маркалы жаңа автокөлік сыйлаған.

Мектеп ұжымы бұл сыйлықты талапты түлектің тынымсыз еңбегінің, табандылығы мен білімге деген құштарлығының нәтижесі ретінде табыстаған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының тұрғыны Жәнібек Асқарұлы Әбілхан 140 балл жинаған еді.

Бөлісу:
ҰБТ-дан шекті ұпай жинаған түлек автокөлікке ие болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар