Тағзым
1 мин оқу 20

«Адамзаттың бәрін сүй...»

<p style="text-align: justify;">Ұлттық академиялық кітапханада Абай Құнанбайұлы&shy;ның 180 жылдық мерейтойына арналған &laquo;Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...&raquo; атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.</p>

«Адамзаттың бәрін сүй...»

Іс-шараға Қазақстан, Ре­сей, Түркия, Мажар­станнан келген белгілі ғалымдар,  сарапшылар және ТМД ел­де­рінен кітап­хана сала­сының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Ар-хив, құжаттама және кітап ісі ко­­ми­тетінің төрағасы Рус­там Әли Абайдың 180 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар ­туралы баяндады.

Іс-шара барысында ұлы ақынның әдеби мұрасы мен философиялық көзқара­сының қазіргі қоғамдағы маңызы, ағартушылық идея­­­­ларының рухани жаң­ғыру үдерісіндегі рөлі тал­қы­ланды. Сонымен қатар Абай­дың ЮНЕСКО дең­ге­йінде мойындалып, әлем­нің көптеген тіл­іне ауда­рылған шы­ғар­ма­шы­лығы туралы айтылды.

Абай Құнан­бай­ұлының 180 жыл­дығын атап өту бойынша 305 іс-шара жос­парланған. Со­ның ішінде 7 халықаралық, 44 рес­пуб­ликалық, 254 өңір­­лік деңгейде іс-шара ұйым­­дастырылады, Ұлт­тық кітап­ханалар аясында 22 іс-шара өткізу көзделіп отыр.

Жыл соңына дейін мем­лекеттік тапсырыс аясында «Абай. Стихи и поэмы» (орыс тіліне аударған  О.Жанайдаров), «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай» (авторы А.Мұ­ха­метқалиқызы), «Абай­тану­дың кейбір мәселелері» (авторы З.Тай­шыбай) атты кітаптары басылып шығып, барлық өңірдегі кітап­хана­ларға таратылады.

Бөлісу:
«Адамзаттың бәрін сүй...» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар