Әлем
1 мин оқу 60

АҚШ Украинаға қаржылық көмекті қысқартты

<p style="text-align: justify;">АҚШ 2026&nbsp; жылға Украинаға бағытталған бірқатар қор бойынша шығындарын азайтты. Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет әуе күштері генералы Дэн Кейнмен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

АҚШ Украинаға қаржылық көмекті қысқартты

«Атап айтқанда, екі қор қысқартылды – Коалицияны қолдау қоры және Украинадағы қауіпсіздікке жәрдемдесу бастамасы», деді Пит Хегсет.

АҚШ-тың бұл шешімі халықаралық қауымдастық, әсіресе Еуропа елдері тарапынан алаңдаушылық тудырып отыр. 25 маусым күні Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Еуроодақ елдері Украинаға көмек көрсетуге қатысты АҚШ-тың қызығушылығын сақтап қалу үшін күш салып жатқанын мәлімдеді.

Писториустың айтуынша, АҚШ-тың Украинаға қолдауы тек әскери көмектің көлемімен шектелмейді, ол сондай-ақ НАТО серіктестеріне берілетін саяси және стратегиялық сигнал рөлін де атқарады.

Бөлісу:
АҚШ Украинаға қаржылық көмекті қысқартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар