Оқиға
1 мин оқу 120

2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

<p style="text-align: justify;">2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Министрдің айтуынша, 2026 жылғы бюджетте төлемдерді арттыруға 622,4 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Өсу мөлшері инфляция деңгейіне байланысты 10%-ға дейін жетеді. 2026 жылы инфляция 10,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

«Зейнетақы төлемдерін алатын барлық азаматтарға арттыру жоспарланған. Бұл ынтымақты және базалық зейнетақы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға төлемдер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға арналған жәрдемақылар», деді Светлана Жақыпова.

Бұған дейін елімізде 2026 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артатынын хабарлаған едік.

Бөлісу:
2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар