Қоғам
1 мин оқу 20

Әлемдік білім бәйгесінің жүйрігі

<p style="text-align: justify;">Меруерт Бижанова Назарбаев университетін &laquo;Био&shy;ло&shy;гиялық ғылым&shy;дар&raquo; мамандығы бойынша 2023 жылы бітір&shy;ген. Бүгінде ол &ndash; әлемдік деңгейдегі академиялық және қоғам&shy;дық жетістіктерімен ел мерейін асырып жүр&shy;.</p>

Әлемдік білім бәйгесінің жүйрігі

Меруерт АҚШ-тың үздік жоғары оқу орындарының бірі – Пенсильва­ния университе­тін­де ­магистратураны сәтті аяқ­тап, студенттерге арналған ең бе­делді халықаралық мара­пат­тар­дың бірі – «Penn Global Stu­dent Citizenship Award» иеге­рі атанды. Бұл марапат – жа­һандық азаматтық құн­ды­лықтарды ұлықтап, қо­ғам­дық белсенділігімен ерекшелен­ген шетелдік студенттерге ғана беріледі. 284 жыл­дық тарихы бар Penn уни­верситетінде бұл марапат алғаш рет қазақ­стандық студентке табысталып отыр.

Магистратурада оқыған ке­зеңде Меруерт білім саласын­дағы теңдік пен инклюзия тақы­рыптарында зерттеулер жүр­гізіп, глобалдық саясат орта­лығында тәжірибеден өтті. Ол уни­верситеттік шараларға бел­сене араласып, студенттік үкіметтің президенті болып сай­ланды. Бұл – білім мен көш­басшылықты ұштастыра білген жас ғалымның тағы бір жарқын жетістігі. Университеттің рес­ми сайтында: «Меруерт Қазақстанды академиялық және қоғамдық өмірде лайықты әрі мақта­нышпен таныстырып жүр» деп ерекше атап өтілген.

2025 жылғы көктемде Ме­руерт Бижановаға тағы бір аса маңызды мүм­­кіндік туды – Ұлыбританияның Окс­форд университетінен PhD (философия докторы) бағдарламасына шақырту алды. Ол білім беру философиясы бағыты бойынша докторлық оқуын ­2025 жылдың қазан айында бастайды.

Меруерттің өмір жолы – жастарға арналған шынайы мотивация, та­бан­дылық пен білімнің жемісті нәти­жесі. Ол халықаралық деңгейде Қазақ­стан­ның атын абыроймен шығарып жүрген, жаңа буын көшбасшыларының жарқын өкілі. 

Бөлісу:
Әлемдік білім бәйгесінің жүйрігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар