Әлем
1 мин оқу 70

Рамзан Қадыров Дәурен Абаевқа алғыс айтты

<p style="text-align: justify;">Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram парақшасында 17 жастағы ұлының үйлену тойына келген қонақтарына алғыс айтты, оның ішінде Қазақстан елшісі де бар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Рамзан Қадыров Дәурен Абаевқа алғыс айтты

«Достар, Грозныйда өзім аса қадірлеп, құрметтейтін адамдар арасынан көптеген қонақты, сондай-ақ Иран, БАӘ, Түркия және Қазақстан елшілерін көргеніме қуандым. Олардың барлығы Шешен Республикасының Тұңғыш Президентінің немересі, Ресей Батыры Ахмат-Хаджи Қадыровтың немересі – Адамның үйлену тойына орай біздің отбасымызды құттықтау үшін келді», деп жазды Рамзан Қадыров.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  – Дәурен Абаев.

Еске салайық, Адам Қадыров – Шешенстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі хатшысы.

Бөлісу:
Рамзан Қадыров Дәурен Абаевқа алғыс айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар