Бюро деректеріне сүйенсек, еліміздің 7 өңірінде халық саны 1 миллионнан асып кеткен. Тізімнің көшін Алматы қаласы бастап тұр – мегаполисте 2,3 миллионнан астам адам өмір сүріп жатыр.
Халық ең көп шоғырланған өңірлер:
-
Алматы қаласы – 2 314 929 адам
-
Түркістан облысы – 2 150 992 адам
-
Алматы облысы – 1 575 657 адам
-
Астана қаласы – 1 566 566 адам
-
Шымкент қаласы – 1 274 296 адам
-
Жамбыл облысы – 1 220 481 адам
-
Қарағанды облысы – 1 133 068 адам
Бұл тізімнен еліміздегі ірі урбанизацияланған қалалар мен оңтүстік аймақтардың демографиялық салмағы айқын аңғарылады. Алматы, Астана, Шымкент секілді үш ірі қала жеке дара миллион тұрғыны бар шаһарлар болса, Түркістан мен Алматы облыстары да халық саны жағынан алдыңғы қатарда.
Мамандардың айтуынша, халық санының осындай серпінді өсуі еңбек ресурстарының артуына, ішкі нарықтың кеңеюіне, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың маңыздылығын арттыруға сеп болады.
