Қоғам
1 мин оқу 50
Қазақстан халқы шілдеде қанша күн демалады?
<p style="text-align: justify;">Астана күніне байланысты шілдеде қазақстандықтар қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2025 жылдың шілде айында Астана күніне орай қазақстандықтардың демалыс күні бір күнге ұзартылады. Ел астанасының Алматыдан Астанаға ресми түрде көшірілген күніне арналған бұл мереке жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі, 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.
Бұл датаға байланысты республика көлемінде түрлі мәдени-мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бөлісу: