Мәдениет
1 мин оқу 30

Іргелі ұйымның қорытынды концерті

<p style="text-align: justify;">Роза Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 64-концерттік маусымын сәтті аяқтады. Шығармашылық ұйым &laquo;grand fest&raquo; музыкалық фестивалі аясында Астанадағы Амфитеатрда көрермендеріне гала-концерт ұсынды.</p>

Іргелі ұйымның қорытынды концерті

64-концерттік маусым аясында ұжым 82 концерт, 3 ірі шығармашылық жоба және мемлекеттік маңызы бар іс-шара­лар жүзеге асты. Роза Бағла­нова атын­дағы халықаралық вокалдық конкурсы,­ «Серпер» ұлттық өнер конкурсы, «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фес­тивалі ұйым­дастырылды.

Концерттік бағдарламада танымал композициялар, заманауи аранжировкалар, оркестрлік сүйемелдеу және ашық аспан астындағы мерекелік атмосфера ұсынылды. Іс-шараға «Қазақконцерттің» танымал солистері мен шығармашылық ұжымдары қатысты. Атап айтсақ, Қазақ­станның халық әртісі Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, Қазақ мемлекеттік симфо­ниялық оркестрі, «Гүлдер» және «Бірлік» ансамбль­дері, «Turan» этно-фольклорлық ансамблі, «Saz&Soul» тобы және «Astana Musical» мемлекеттік театры өнер көрсетті.

Маусым аясында ұйым әртістері қазақ өнерін әлемге таныстыру мақсатында Фран­ция, Ұлыбритания, Италия, Канада, Түр­кия, Испания, Чехия, Болгария, Бе­ларусь, Мажарстан, БАӘ, Тәжікстан, Ресей Фе­дерациясы, Түрікменстан, Грузия, Ар­ме­ния, Латвия және Әзербайжан секілді 22 шет мемлекетке гастрольдік сапармен барды.

«Қазақконцерт» 17 республикалық гастрольдік сапары барысында еліміздің түкпір-түкпірін аралап, ұлттық мәдениетті кеңінен дәріптеуге ықпал етті.

Аққу ДӨНЕШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс студенті

Бөлісу:
Іргелі ұйымның қорытынды концерті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар