Бокс
1 мин оқу 30

Астанада – әлем кубогі

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Жақсылық Үш&shy;кем&shy;піров атындағы спорт кеше&shy;нінде Әлем кубогінің үшінші ке&shy;зеңі басталды. World Boxing-тің мұрындық болуымен ұйымдас&shy;ты&shy;рылып отырған жарыс&shy;та жер-жаһанның бірқатар мемлекет&shy;терінен келген белді былғары қол&shy;ғап шеберлері күш сынасады.</p>

Астанада – әлем кубогі

Еліміздің ұлттық командасының бас бап­кері Қайрат Сәтжанов мына шәкірт­те­ріне сенім артып отыр: 50 кг – Санжар Тәшкенбай, 55 кг – Махмұд Сабырхан, 60 кг – Серік Теміржанов, 65 кг – Ертуған Зей­нул­линов, 70 кг – Абылайхан Жүсіпов, 75 кг – Сабыржан Ақкалықов, 80 кг – Нұрбек Орал­бай, 85 кг – Бекзат Нұрдәулетов, 90 кг – Сағындық Тоғамбай, + 90 кг – Айбек Оралбай.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Назым Қызай­бай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Айдана Забын­­бекова ­(57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Бог­­­данова (70 кг), Надежда Рябец (75 кг), Гүлсая Ержан (80 кг), Елдана Тә­лі­­по­ва (+80 кг) сынды бокс­шылар бақ сы­най­ды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуірде Бра­­зилияда өткен Әлем кубогінің тұсау­ке­се­рінде еліміздің ерлер құрамасы екі ал­тын, бір қоланы иеленді. Жалпы есепте жер­лестеріміз Өзбекстан (5 алтын+2 күміс+1 қола) мен ринг қожайындарынан (2+2+1) қалып қойды. Екінші кезең Поль­ша­­да ұйымдастырылды. Варшавада да өзбек­тер (6+1+2) алдына жан салмады. Екін­ші, үшінші орындарда – жарыс қожа­йын­­дары (5+3+10) мен Италия (3+3+1). Бұл жарысқа еліміздің боксшылары қатысқан жоқ.

Бөлісу:
Астанада – әлем кубогі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар