Экология
2 мин оқу 30

Өндіріс қалдығы азаяр емес

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында 219 млн тоннадан астам өндірістік қалдық жиналып қалған. Қалдықтардың басым бөлігі түсті және қара металлургия, жылу энергетикасы, пайдалы қазбаларды өндіру өнеркәсібі, мұнай өңдеу саласына тиесілі.</p>

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Өңірдегі табиғат пай­даланушылардың мә­ліметтеріне сүйенсек, 2024 жылы Павлодар облысын­да өнеркәсіп салаларына байла­ныс­ты жиналған өндірістік қал­дық көлемі 219 млн 89,2 мың тоннаны құраған.

– Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың Экологиялық кодекстің 87, 90-баптарына сәйкес, қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттары, мемлекеттік эко­логиялық сараптамамен келі­сілген кен орындарын игеру жобалары бар. Сондай-ақ тау-кен үйінділері, тау-кен жұмысын дамыту жоспарлары, басқа да нормативтік құжаттары бар. Жұ­мыстар келісілген жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатыр, – дейді Экология және табиғи ресурс­тар министрлігі өнеркәсіптік қал­дықтар басқармасының сарапшысы Арман Ғалымжанов.

Өткен жылы облыс кәсіп­орындары табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру мақса­тында 46,9 млрд теңге игерген. Жоспарланғаны – 29,1 млрд теңге, демек нақты түрде бұл көрсеткіш 157 %-ға орындалған.

Салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамаға сәйкес, кәсіп­орындардан қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы алы­нады. Оның бекітілген тариф­тері бар.

Экология және табиғи ре­сурс­тар министрлігі келтір­ген деректерге сүйенсек, қалдық­тар­дың денін тау-кен өнеркәсі­бін­де «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкүбен-Вест» ЖШС, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС, «Ангренсор» АҚ, «Еуроазиаттық электр стансасы» АҚ шығарып отыр. Жылу энергетикасы саласында Екібастұздағы қос ГРЭС, «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның жылу-электр стансасы, «Пав­ло­дарэнерго» АҚ-ға қарасты екі ЖЭО қалдықтардың негізгі бө­лігін түзеді. Түсті металлургия­да қомақты көлем «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тиесілі.

– Қоршаған ортаға теріс әсер­ді азайту мақсатында 2025 жыл­дан бастап 1-санаттағы нысандарға ең озық қолжетімді технология­ларды (ЕҚТ) енгізу қарастырыл­ған. Қазірде министрлік 12 ЕҚТ анықтамалығын әзірледі. Биыл­­дан бастап 1-санаттағы нысандар­­дың кешенді экологиялық рұқ­саты болуы міндетті. Экология­лық рұқсат болмаған жағдайда төлем мөлшерлемесінің коэф­фициенттері Салық кодексінің 43-9-бабына сәйкес 2, 4, 6 есе өсе­ді. Қалдықтарды басқару сала­сын­дағы мемлекеттік экология­лық саясаттың қағидаттары иерархия қағидатына негізделеді. Яғни қалдықтардың қайта болуын болдырмау, оларды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, кәдеге жарату, жою іс-шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – дейді А.Ғалымжанов.

Инвестициялық жобалар­ды іске асыру мәселесі жергілікті атқа­рушы органдардың құзы­ре­­тіне жатады. Сонымен қатар жобалық шешімдерді, эколо­гия­лық жобаларды қарау, мем­ле­кеттік экологиялық сарап­тама қорытындысын беру ке­зінде эко­логиялық талаптар­дың сақ­та­луын қамтамасыз ету мақ­сатында, Павлодар облысы­ның экология департаменті қарас­тырады.

Павлодар облысы 

Бөлісу:
Өндіріс қалдығы азаяр емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар