Жаңалықтар
1 мин оқу 1,120

Жапон аралын мысықтар жаулап алды (фото)

19-msik9Жапонияның Аошима аралы – мысықтарымен аты шыққан шағын мекен. Бұл аралда бар-жоғы 22 адам тұрады. Есесіне мысықтардың қарасы адамнан көп. Олардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары бұл аралда 900-ден аса адам тұрған екен. Алайда, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін тұрғындардың көбі жұмыс іздеп, Жапонияның әр түкпіріне кеткен. Қазіргі уақытта мысықтар аралында 22 зейнеткер ғана тұрады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл аралда мысықтар осыдан жарты ғасыр бұрын, яғни, тұп-тура елу жыл бұрын қаптап кеткен тышқандардың көзін жою үшін әкелінген. Тышқандар осы аралдың бірден-бір күнкөріс құралы – балықшылардың ауын бүлдіріп кете беретін болған соң аралға жиырмадан аса мысық алдырған. Қазір мұнда мысықтарды көру үшін арнайы алыстан ат басын бұрып келетін туристердің қарасы көп. Жолдыбай Базар. Сурет. Bnews.kz. 19-msik.02 19-msik.03 19-msik.06 19-msik 19-msik7 19-msik8
Бөлісу:
Жапон аралын мысықтар жаулап алды (фото) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар