Әлем
1 мин оқу 20

Бали аралында паром апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Индонезияның Бали аралы маңында жолаушылар паромы суға кетіп, 60-қа жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;BBC-ге сілтеме жасап.</p>

Бали аралында паром апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

Оқиға Ява аралынан шыққаннан кейін шамамен 25 минут өткен соң орын алған. AFP агенттігінің хабарлауынша, паром бортында 53 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.

Паром операторының жергілікті БАҚ-қа мәлімдеуінше, суға батар алдында кемеде қозғалтқышқа байланысты ақау туындаған.

Жергілікті биліктің ақпаратына сәйкес, төрт адам қаза тауып, 23 адам құтқарылған. Ал қалғандары із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Бали аралында паром апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар