Жаңалықтар
6 мин оқу 293
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жезқазған филиалы
2015 жылғы 26 мамырда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды
Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда-саттықтың ағылшын әдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады:
- ВАЗ-21214 автокөлігі, 2008 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 884 CS, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Байғозы батыр көшесі, 12. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысының статистика департаменті» РММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 358 000 теңге, кепілді жарна – 53 700 теңге.
- ГАЗ-2705 34 автокөлігі, 2006 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 553 CK, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Нияз батыр көшесі, 12. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамалық институты» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 418 000 теңге, кепілді жарна – 62 700 теңге.
- ВАЗ-21103 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 301 КР, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Железнодорожная көшесі, 5. Баланс ұстаушы – «Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы» ММ. Алғашқы баға – 130 000 теңге, бастапқы баға – 650 000 теңге, ең төменгі баға – 37 797 теңге, кепілді жарна – 19 500 теңге.
Бөлісу: