Астанада ауыр атлетикадан Азия бәсекесі басталды
<p style="text-align: justify;">Жасөспірімдер мен жастар арасында ұлдар мен қыздар санаты бойынша ауыр атлетикадан елордада Азия чемпионаты бүгін басталды, 10 шілдеде аяқталады. Турнир – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p> </p>

Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және өзге де Азияның 25 елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы 36 спортшыдан құралған, бұл – чемпионатқа қатысып жатқан елдер арасындағы ең ірі делегация.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ережелеріне сәйкес өтетін жарыста 17-20 жас аралығындағылар аталған спорттың жұлқа көтеру, серпе көтеру, қоссайыс түрлері бойынша сынға түседі.
Көрермендерге кіру тегін.