Жастар
2 мин оқу 70

Жас дебатерлер «Аwsdc 2025» турнирінде ел намысын қорғады

<p style="text-align: justify;">2025 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Бангкок қаласындағы Anglo Singapore International School базасында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) &ndash; әлемдік деңгейдегі беделді пікірсайыс турнирлерінің бірі саналады. Биылғы жылы бұл жарыс Қазақстан үшін ерекше мәнге ие болды &ndash; еліміздің құрамасы аталған турнирге алғаш рет қатысып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жас дебатерлер «Аwsdc 2025» турнирінде ел намысын қорғады

Қазақстандық командалардың халықаралық аренада өнер көрсетуіне, тәжірибе жинақтап, заманауи зияткерлік желіге енуіне негіз болған – «Debat Eli» қоғамдық қоры. Аталған қор WSDC Ltd. ұйымының еліміздегі ресми серіктесі ретінде 15 оқушының AWSDC 2025 турниріне қатысуына жол ашты.

х

Басты мақсат — халықаралық интеграция мен жастардың көшбасшылық әлеуетін дамыту

Турнирдің биылғы тақырыбы – «Agents of Impact» («Ықпал агенттері»). Бұл — әлемдік мәселелерді шешуде жастардың белсенді рөлін көрсетуге бағытталған символдық ұран. AWSDC пікірсайыстары WSDC халықаралық форматына негізделіп өткізілді. Турнирге Азияның 10-нан аса елінен командалар келді.

Қазақстан сапында үш команда қатысты:

Негізгі ұлттық құрама – «Debat Eli» қоғамдық қорының қолдауымен құрылды,
Назарбаев Зияткерлік мектебі,
High Tech Academy мектептерінің тәуелсіз құрамалары.

Ұлттық құраманың үздіктері:

Ален Аусенов – «El Úmiti Cup 2024» жеңімпазы, үздік спикер;

Арина Лепехина – Алматы қаласының үздік дебатері;

Нұрай Кескінбаева – 2025 жылғы мектептік чемпионаттың жеңімпазы.

з

Команданы халықаралық деңгейдегі дебатшы, ел чемпионы Айгерім Айбасова жаттықтырды.

Тәжірибе – болашақ жеңістердің іргетасы

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде сенімді ойын көрсетіп, аздаған ұпай айырмасымен плей-оффқа өте алмады. Бұл – алғашқы қадамға қарамастан, жоғары дәрежелі нәтиже. Сонымен қатар, High Tech Academy өкілі Софи Коживникова «Үздік жас спикер» аталымында екінші орын алып, Mason Korea университетінен $6000 грант ұтып алды.

Турнир финалында Малайзия құрамасы жеңіске жетті.

Қазақстан үшін бұл — жай ғана сапар емес, халықаралық деңгейде жастардың беделін арттыратын және болашақ мүмкіндіктерге жол ашатын тарихи бастама.

Бөлісу:
Жас дебатерлер «Аwsdc 2025» турнирінде ел намысын қорғады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар