Қоғам
2 мин оқу 1,720

Қазақ тілінің қарлығашы...

<p style="text-align: justify;">Біз жастарымыздың талабына қарап, ел болашағын айқындай&shy;мыз. Алдымызда қаншама мақсат-міндет тұр. Осыны орындауда жас буынға үміт артамыз. Сондай жігерлі жастың бірі &ndash; тіл маманы, Мәскеуде шыққан &laquo;Казахский язык. Самоучитель&raquo; (2018) оқу құралының авторы Кәмшат Шахатова еді... Тағдырдың жазуымен болашаққа елеулі жоспар құрып жүрген осы филолог қырық күн бұрын ауыр науқастан бақиға озды.</p>

Қазақ тілінің қарлығашы...

«Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы, Ортасы – өмiр, жоқтық қой екi басы» деген екен көрнекті ақын, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы. Кәмшаттың Еуразия ұлттық университеті­нің «қазақ тілі мен әдебиеті» ма­мандығының бакалавриаты мен магистратурасын бітіргеннен кейінгі 13 жыл мағыналы ғұмы­ры ана тілімізді шетелде оқытып ­на­сихаттауға, елімізде түрлі са­ла­ға маманданып жатқан студент­терге меңгертуге жұмсалса, 2 жылы ауыр дертпен күресуге сарп етіліпті...

Ұлтымызда «қарлығаштың қанатымен су сепкендей» деген тамаша бейнелі теңеу бар. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, біраз серіктес елдер қазақ тіліне қызығушылық білдірді. Соның бірі – Үндістан, енді бірі – Еуразия одағына ұйытқы Ресей. Кәмшат Тілекқызы оқытушылар байқауынан оза шауып, 2011–2012 жылдары Делидегі Жәмия Миллия Исламия университеті Парсы департаменті құрамын­да­ғы қазақ тілі орталығында оқы­тушы болды. Ал 2014–2020 жыл­­дары табандай 6 жыл Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (МГЛУ) «Қазақ тілі мен мәдениеті» орталығының директоры қызметін атқарды. Мәдениетті славян студенттері­нің қазақша тілін сындырды. Қазақ елінің шынайы достары, жанкүйерлері етіп шығарды.

кітап

Әрине, ол 2010 жылдан өмі­рінің соңына дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситеті практикалық қазақ тілі кафедрасында тіркеліп, ха­лықаралық оқытушылық ісса­пар­ға осы оқу орнының аты­нан барды. Кәмшатты біліктілігі, мәдениеті, инабаттылығы үшін филология факультетінің үлкен-кішісі бірдей қадірлейтін. Ол әрқашан ізденісте жүретін. Мәскеудегі қызметінде Ілияс Есенберлин­нің «Көшпенділер» трилогия­сы бо­йынша қазақ тілінен практикалық сабақтар өткізге­нін жақсы білеміз. Үндістанда ұйымдастырған «Бабырнама»: қазақ мәдениетіне қатысты ұғым-түсініктер» атты ғылыми семинары шетелдік әріптестердің көңілінен шығыпты.

Өмір әр адамға аманттап беріледі. Кәмшат 39 жылғы өмірін игі іс пен білім шамшырағына ар­нады. Сейілхандай полиция­ сардарымен жан жарастырып, Шәміл және Ибраһим есімді шекесі торсықтай қос перзент сүйді. Шәміл – азаттық рухы, Иб­раһим – дана Абайдың түпнұсқа есімі... Бұған да «шүкір!» дейік.

Халқымыз «Орнында бар оңалар» дейді. Асыл анасының әлдиін естіп құлдыраңдаған, бүгін қамықса да, ертең намыс­пен жетілетін осы балдыр­ған­дар Кәмшат Тілекқызы­ның жасамаған жасын жасасын, аңсаған арманын жүзеге асырсын деп тілейміз.

Сабыр ШӘРІП,

PhD

Бөлісу:
Қазақ тілінің қарлығашы... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар