Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 14: 30-да Жамбыл облысы аумағында <a href="https://egemen.kz/article/390957-6-ball-zhambyl-oblysynda-dger-silkindi">2-6 балл арасында жер сілкінді</a>. Төтенше жағдайлар министрлігі осыған байланысты өңірде жедел штаб жұмысқа кіріскенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында құрылған жедел штабқа әзірге зардап шеккендер мен қирауларға қатысты ақпарат түспеген.
Жедел штабта Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішіевтің төрағалығымен бейнеконференция арқылы байланыс орнатылып, өңірдегі жағдай талқыланды.

Министрлік әлі де мониторингті жалғастырып жатыр. Жергілікті тұрғындар оқиғаға қатысты ақпарат пен көмек алу үшін мына нөмерлерге хабарласа алады:
ҚР ТЖМ командалық орталығы - 87172-55-96-21
Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67