Мәдениет
1 мин оқу 100

Атырау облысында лотос фестивалі өтеді

<p style="text-align: justify;">Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында &laquo;Лотос фестивалі &ndash; 2025&raquo; атты мәдени-туристік іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр. Фестиваль 26 шілдеде басталады,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында лотос фестивалі өтеді

Әкімдіктің мәліметіне қарағанда, жоба аясында 15 киіз үй тігіледі. Ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттайтын концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдар ұсынылады. Сондай-ақ, қолөнердің қыр-сырын ашатын шеберлік сабақтары, көрмелер мен ұлттық ойындарды өткізу көзделген.

Қазір Қиғаш өзенінде өтетін лотос гүлін көруге бару үшін қатынайтын су көлігі тұратын жағалауды абаттандыру жүріп жатыр. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, мердігер анықталған. Мердігер автокөлік пен қайық тұрағын салу, жарықтандыру ісін қолға алған.

Лотос гүлін тамашалау үшін арнайы алаң орнатылған.

Бөлісу:
Атырау облысында лотос фестивалі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар