Оқиға
1 мин оқу 50
Алакөлде адамдар отырған катамаран істен шыққан
<p style="text-align: justify;">Оқыс оқиға Абай облысы Мақаншы ауданы аумағындағы Алакөл көлінде болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТЖМ мамандары патрульдеу кезінде жағалаудан 350 метр қашықтықта, су ортасында тұрып қалған 6 адам мінген катамаранды байқаған. Құтқарушылар жасөспірімдер мінген катамаранды жағаға сүйреп шығарған.
Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Айта кетейік, бүгін ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөлдегі туристік аймақ демалушыларынан шағым көп түсетінін сынға алып, жағдайды түзеу үшін Үкіметке тапсырма берген болатын.
Бөлісу: