Аймақтар
1 мин оқу 30

БҚО ветеринарларына 106 көлік берілді

<p style="text-align: justify;">Мал дәрігерлерінің кәсіби мерекесі күні бағалы сыйлықты Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев табыс етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО ветеринарларына 106 көлік берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ветеринария саласын дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Оралдағы оқиға – осы тапсырманың орындалып жатқанының нақты көрінісі. Ауылда тұратын ветеринар мамандарға арналған қызметтік көліктер заманауи ветеринариялық құрал-жабдықпен толық жабдықталған. Бұл болашақта елді мекендерде ветеринария қызметі жылдам әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өңірде ауыл шаруашылығы қауіпсіздігі артып, мал ауруларының алдын алуға, ветеринариялық бақылауды күшейтуге сеп болады.

- Өңірімізде ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жүйелі жаңғыртуға кірістік. Қазір облыста жаңадан ветеринария бекеттері, мал қорымдары салынып жатыр. Соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 10 млрд теңге бөлініп, төтенше жағдай, орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, ветеринария, білім мен денсаулық салаларына 700-ге жуық арнайы техника сатып алынған еді. Ал биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алмақпыз. Соның аясында жуырда «Батысирригация» мекемесіне 18 көлік тапсырсақ, бүгін ветеринариялық стансаларға 106 арнайы техника беріп отырмыз, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысы

 

 

Бөлісу:
БҚО ветеринарларына 106 көлік берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар