Аймақтар
1 мин оқу 30

Маңғыстауда дәрігер мамандар жетіспейді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында 250-ге жуық дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маңғыстауда дәрігер мамандар жетіспейді

Оның айтуынша, өңірге терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, анестезиолог және гематолог мамандар қажет.

«Мәселені шешу үшін былтырдан бастап көтерме жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды. Қазір Маңғыстау облысына көшіп келетін дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Қалада жұмыс істейтін мамандарға – 3 млн теңге, ауданға барғандарға – 5 млн теңге, ал ауылға орналасқандарға – 8,5 млн теңге төленеді», деді басқарма басшысы.

Биыл мұндай қолдауға 60 дәрігер ие болған. Жыл соңына дейін мамандарға 50 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Маңғыстауда дәрігер мамандар жетіспейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар