Қоғам
1 мин оқу 90

Балмұздақ бағасы қымбаттап тұр

<p style="text-align: justify;"><span style="text-align: justify;">Биылғы екінші тоқсанда балмұздақтың бағасы 13,5%-ға өсті. Бұл &ndash; азық-түлік инфляциясынан жоғары көрсеткіш, деп жазады&nbsp;</span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><span style="text-align: justify;">.&nbsp;</span></p>

Балмұздақ бағасы қымбаттап тұр

Бағаның өсуіне негізгі себеп – өндіруші кәсіпорындардың өз бағаларын 16,9%-ға көтеруі. Сонымен қатар, импорттық өнім де 10%-дан астам қымбаттаған.

Нарықтағы балмұздақтың 85%-ға жуығы – отандық өнім. 2024 жылдың алғашқы төрт айында елде 16,6 мың тонна балмұздақ өндіріліп, оның 15,3 мың тоннасы ішкі нарықта сатылған. Экспорт көлемі 41,6%-ға артқан.

Жыл басынан бері тұтыну көлемі де өсті. Әр қазақстандық орта есеппен 1,8 кг балмұздақ жеген. Жазғы маусымда бұл көрсеткіш 9 дана балмұздаққа тең келеді.

Бөлісу:
Балмұздақ бағасы қымбаттап тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар