Төтенше жағдай
1 мин оқу 90

Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті

«Маралсай шатқалында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында механикаландырылған патрульдік бағытта жүрген 28237 ТЖМ әскери бөлімінің қызметшілері құтқару операциясын жүргізді», - деп жазылған хабарламада.

Көмекке мұқтаж адам патруль кезінде анықталған. Белгілі болғандай, 1986 жылы туған әйел абайсызда жардан құлап кеткен және өз бетінше шығуға мүмкіндігі болмаған.

Кезекші нарядтың күшімен зардап шеккен адам қиын жететін жерден тез арада шығарылып, келген жедел жәрдем бригадасына табысталды.

«Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды», - дейді ведомство.

Бөлісу:
Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар