Спорт
1 мин оқу 70
Қазақстан теннисшісі жарысты жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Отандасымыз Тимофей Скатов (әлемнің 209-ракеткасы) Бостад (Швеция) АТР 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Іріктеу додасында 7-ракетка болып тіркелген отандасымыз дүниежүзілік рейтингіде 296-орында тұрған үндістандық Сумит Нагалмен сайысты. Тартысты дода – 1 сағат 26 минутқа созылған. Ол қарсыласын 6:2, 6:4 көрсеткішімен ұтты.
Тимофей Скатов іріктеу сайысының финалында әлемнің 139-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриномен кездеседі.
Бөлісу: