Әскер
1 мин оқу 50

Жас сарбаздар марапатталды

<p style="text-align: justify;">Жасы 18-ге толған әр азаматтың әскерге барып, Отанға адал қызмет етуі &ndash; азаматтық парызы. Бұл орайда, Қонаев қаласының жастары аса белсенділік танытып келеді. Жуырда қалада өткен &laquo;Aspan Fest&raquo; ашық аспан астындағы концерт барысында Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ҚР ҚК-де мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған қала жастарына шаһар басшысының Алғыс хаттарын табыстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жас сарбаздар марапатталды

Жастар былтырғы жылғы көктемгі шақыру науқаны бойынша Отан алдындағы борышын өткеріп, жоғары жауынгерлік дайындық көрсетіп, еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін «Көктем – 2024» мемлекеттік грант иегері атанды.

Оларды атар болсақ, Досымбек Бекжан Ақылбекұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Наширбай Жасұлан Азаматұлы – Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT университеті, Медведик Владик Игоревич – Ұлттық ядролық зерттеу университеті, Разумов Александр Юрьевич – Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Рудзинский Даниил Юрьевич – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті, Болатов Данияр Қанатұлы – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты, Сәуірбай Абылай Азаматұлы – Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты және Умаров Еламан Наурызбайұлы – Алматы технологиялық университеті.

Бұл марапат — жас сарбаздардың ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Қала басшылығы болашақ офицерлер мен мамандарға сәттілік тілеп, олардың білім мен еңбек жолында табысты болуына сенім білдірді.

Алматы облысы

Бөлісу:
Жас сарбаздар марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар