Ғылым
3 мин оқу 90

Селен өндірісіндегі серпінді жаңалық

<p style="text-align: justify;">Ғылым &ndash; ұлттың интел&shy;лектуалдық капиталы мен технологиялық тәуелсіз&shy;ді&shy;гінің өзегі. XXI ғасырдағы бәсекелестік ғылым мен өн&shy;діріс арасындағы байланыс&shy;тың беріктігіне тікелей тәуелді. Осы тұрғыдан ал&shy;ғанда, Қазақстан ғылымы&shy;ның нақты экономикалық сұранысқа жауап беретін кезеңге қадам басқаны қуан&shy;тады. Бұл үрдіске айқын мысал ретінде 2025 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсы&shy;нылған Металлургия және кен байыту институты ғалым&shy;дарының &laquo;Кондициялық емес түсті металлургия шикі&shy;затынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауіп&shy;сіз вакуум-термиялық тех&shy;нологиясын әзірлеу және оның өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру&raquo; атты ғылыми жобасын атауға болады.</p>

Селен өндірісіндегі серпінді жаңалық

Аталған жоба – ел ғылы­мының маңызды жетіс­тігі. Себебі ол тео­рия­лық ізденістерден бастап нақты өн­дірістік іске асыруға дейінгі барлық кезеңді толық қамтыған. Көп жыл­дық зерттеу, сансыз тәжірибе мен технологиялық сынақтар нәти­же­сінде қалыптасқан бұл әдіс отандық түсті металлургия саласында жаңа бағыттың негізін қалады.

Кондициялық емес шикізат деп – құрамында пайдалы элементтер болғанымен, экономикалық жағынан тиімсіз немесе өңдеуге келмейді деп саналып келген қалдықтар аталады. Осы уақытқа дейін мұндай қалдықтар өндіріс шеңберінен тыс қалып, табиғатты ластап келген еді. Жобаның бірегейлігі – дәл осы шикізатты экологиялық қауіпсіз жолмен өңдей отырып, одан жоғары сапалы селен алу технологиясын ұсынуында.

Бұл – ғылым мен өндіріс шебінде жүрген ғалымдардың ұзақ жылдық еңбегінің жемісі. Жобада ұсынылған вакуум-термиялық әдіс селенидтермен жұмыс істеудің тың бағытын ашты. Әдістің артықшылықтары – өнімнің тазалығы, өндіріс үдерісінің экологиялық қауіпсіздігі және ре­сурстық тиімділігі. Мұндай технологиялар бүгінде санаулы ғана елдер­дің қолында бар. Қазақстанның бұл тізімге енуі – үлкен жетістік.

Жобаның практикалық нәтижесі де көңіл қуантады. Бүгінде бұл технология өндірістік деңгейде сынақтан өтіп, нақты өндіріске енгізілген. Арнайы техникалық стандарт – СТ 070740005957-АО-01-2021 – бекітіліп, селен өндіру үдерісі жүйелендірілді. Өндіріс орны алғашқы жылының өзінде 301 миллион теңге көлемінде таза табыс әкелгені – бұл жобаның экономикалық әлеуетін нақты дәлелдейді.

Селен – қазіргі заманғы электроника, энергия сақтау, оптикалық құрылғылар, шыны өндірісі, медицина, фармацевтика сияқты салаларда кеңінен қолданылатын стратегия­лық маңызы бар элемент. Әлемдік сұраныстың артып келе жатқанына қарамастан, селен өндіретін елдер саусақпен санарлық. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда экологиялық және технологиялық жағынан қауіпсіз селен өндіру технологиясының жасалуы – ғылым мен өндірістің озық интеграциясының жемісі.

Жобаның экономикалық, эко­логиялық және технологиялық ма­ңыздылығын ескере отырып, оның тек ғылыми жаңалық қана емес, сонымен қатар өндірістік шешім мен нарықтық табыстың үйлесімді үлгісі екенін көреміз. Бұл жобаны нақты табыспен жүзеге асырған ғалымдар – еліміздің ғылыми әлеуетін арттырып, өндірістік даму үрдісіне серпін берген нағыз ізденімпаз мамандар.

Осы орайда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің:

«Ғылым – тек зертханадағы зерттеу емес, ол – экономиканы алға сүйрейтін, технологиялық дамуға жол ашатын күш» деген сөзі осы жобаның аясында нақты шындыққа айналып отыр.

Бұл ғылыми еңбек – сондай-ақ тәжірибе алаңы. Яғни отандық инженерлер мен жас ғалымдар үшін үлгі боларлық нақты іс. Жоба барысында жиналған ғылыми-өндірістік база, есептер, техникалық шешімдер мен нормативтік құжаттар – кез келген техникалық ЖОО-да оқытылатын әдістемелік материал ретінде де құнды.

Жобаның жетекшісі, техника ғылымдарының докторы Бақ­дәулет Кенжалиев, авторлар тобы – В.Н.Володин, Е.А.Оспанов, С.А.Тре­бухов, А.А.Шахалов – өз саласында ұзақ жыл бойы еңбек етіп келе жатқан білікті мамандар, тә­жі­­рибелі инженер-зерттеушілер. Олар еліміздің ғылыми-инженер­лік мектебінің үздік дәстүрін жал­ғас­тырып, оны заманауи талаптар­мен ұштастырып келеді.

Осыған орай, бұл авторлар ұжымы мен олардың ғылыми еңбегі 2025 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа толықтай лайық деп сеніммен айтуға болады.

Мақсат ҚАЛИМОЛДАЕВ,

Ұлттық ғылым академиясының академигі,

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Селен өндірісіндегі серпінді жаңалық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар