Үкімет
1 мин оқу 60

Көлік секторы рекордтық өсім көрсетіп отыр

<p style="text-align: justify;">Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша еліміздің көлік саласы 22,7%-ға өсті. Мұндай мәліметтерді Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев келтірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Көлік секторы рекордтық өсім көрсетіп отыр

Саланың өсу динамикасына жүк тасымалының жалпы көлемінің артуы әсер еткен, көрсеткіш 550,7 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,9 %-ға жоғарылаған. Оның ішінде автомобиль көлігімен жүк тасымалы 1,8 %-ға, теміржол көлігімен жүк тасымалы 12,4 %-ға және құбыр арқылы тасымалдар 18,2 %-ға артқан. Жолаушылар тасымалы 10,5%-ға өсіп, 928 млн жолаушыны құраған.

Жүк тасымалы көлемінің өсуі экономиканың базалық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етілді, атап айтқанда тау-кен металлургиясы, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларының есебінен өсті.

Бөлісу:
Көлік секторы рекордтық өсім көрсетіп отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар