Әлем
1 мин оқу 80

Жапонияда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Жапонияның Метеорологиялық басқармасының мәліметінше, 21 маусымнан бері елдің оңтүстік-батысындағы шағын аралдарда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Kyodo News-ке сілтеме жасап.</p>

Жапонияда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелді

Токара аралдар тобына кіретін Акусэки мен Кодакара аралдарында тұратын 60-тан астам адам 5,5 магнитудалы жер сілкінісінен кейін шілде айының басында эвакуацияланған.

NHK World-Japan хабарлауынша, сейсенбі таңындағы жағдай бойынша Токара аралдарында магнитудасы 1 және одан жоғары 2046 жер сілкінісі тіркелген.

Жергілікті билік тұрғындарды аралдарға қайтару туралы өтініштерді бес күн қатарынан 4 баллдан жоғары жер сілкінісі тіркелмеген жағдайда ғана қарастырады. Kyodo мәліметінше, 4 баллдық жер сілкінісі жаяу жүрген адамдардың көпшілігіне сезіледі.

Бұған дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде, осы аймақтағы екі шағын аралдың сейсмикалық белсенділіктің әсерінен небәрі үш күн ішінде бір-бірінен шамамен 10 сантиметрге жылжығаны анықталған.

Бөлісу:
Жапонияда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар