Шаруашылық
1 мин оқу 50
Қарағанды облысында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалды
<p style="text-align: justify;">Кеше Долинка кентінінің жайылымында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалған. Қырылған ұсақ мал Абай ауданы Жартас ауылының фермеріне тиесілі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше кешкі сағат 20:00 шамасында Абай ауданының ветеринар мамандары жайылымға келіп, өлекселерді мал қорымына тасып, жайылымды дезинфекциялаған. Мамандардың айтуынша, барлық қой-ешкі уақытында вакцина алған. Әзірге уланған деген болжам жасап отыр. Қазіргі уақытта сараптамалық-талдаудан өтіп, тексеріс жүріп жатыр.
Бөлісу: