Медицина
1 мин оқу 50

Елімізде қызылша, көкжөтелмен сырқаттанушылар азайған

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы&nbsp;Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде қызылша, көкжөтелмен сырқаттанушылар азайған

31 инфекция, оның ішінде қызылша, көкжөтел - 6,8 есе, А вирустық гепатиті - 2,4 есе, коронавирустық инфекция - 2,1 есе, лямблиоз - 30%, аскаридозбен тіркелгендер - 20% төмендеген.

Осы кезеңде 24 инфекциялық ауру:  оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратифпен сырқаттанушылар тіркелмеген.

«Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам, көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала екпе алды. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болады. Сондай-ақ, ұлттық иммундау бағдарламасы басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау болып қала береді», делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында. 

Айта кетейік, 11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау аясында вакцинациялаудың бірінші кезеңінен - 148 444, екінші кезеңнен - 86 745 қыз өтті.

Бөлісу:
Елімізде қызылша, көкжөтелмен сырқаттанушылар азайған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар