Қоғам
1 мин оқу 110

Перизат Қайрат Каспий банкке қаржы сұрап хат жазған

<p style="text-align: justify;">Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі &laquo;Biz Birgemiz Qazaqstan&raquo; қорының басшысы болған Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңге жымқырғанын анықтаған еді,&nbsp; деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Перизат Қайрат Каспий банкке қаржы сұрап хат жазған

Бүгін сот отырысында үшінші эпизод - Қазақстандағы су тасқынына қатысты жиналған қаржыны жымқыруға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Сот барысына куәгер ретінде қатысып жатқан Каспий банктың бас заңгері Айдар Ксембаев 2024 жылдың 5 сәуірінде су тасқынан зардап шеккендерге көмек беру үшін «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық бірлестігінің басшысы 120 млн теңге және 8 сәуір күні 500 млн теңге қаржы қажет екенін айтып аталған банктен ақша аударуды сұрағанын айтты.

Каспий банк басшылығы хатқа жауап ретінде қорға 1 күнде 120 млн және бөлек операциямен 500 млн теңге аударған.
Банк өкілі сол тұста шұғыл көмек қажет болғандықтан келісімшартсыз-ақ қаржы аударылғанын мәлімдеді.

2024 жылдың 1 шілдесінде Перизат Қайрат Каспий банкке алғыс хатын жолдап, графика арқылы қаржының басым бөлігі, яғни 423 млн теңгенің қайда жұмсалғаны туралы есеп те берген. 

Бөлісу:
Перизат Қайрат Каспий банкке қаржы сұрап хат жазған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар