Ауа райы
1 мин оқу 70

Қазгидромет: Алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазгидромет: Алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі. 17 шілдеде – батыста, 18 шілдеде – солтүстік-батыста, 18–19 шілдеде – солтүстікте, 19 шілдеде – республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 41–44°С дейін, оңтүстік-шығысында 42–43°С дейін күтіледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. 18–19 шілдеде еліміздің оңтүстігінде 45–46°С дейін аптап ыстық күтіледі.

Солтүстік өңірлерде түнгі температура 8–18°С дейін, күндізгі температура 17–25°С дейін төмендейді.

Бөлісу:
Қазгидромет: Алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар