Алматыда прокуратура әкім орынбасарларын жауапқа тартты
<p style="text-align: justify;">Алматыда 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы қаласының табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы 3 және 5-бөліктері бойынша Медеу және Түрксіб аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заң талаптарына сәйкес аудан әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген. Қабылданған шаралар арқылы әкімдіктер, анықталған қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстарын жүргізді, – деді құзырлы орган өкілдері.