Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 60

Қызметкерге тас атқан басшы жұмыстан қуылды

<p style="text-align: justify;">Абай облысы Жарма ауданы Шар қалалық полиция бөлімінің басшысы Дәурен Әлжапаров қызметінен босатылды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>,</p>

Қызметкерге тас атқан басшы жұмыстан қуылды

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған видеода полиция ғимаратында бастықтың қарамағындағы қызметкерге аша таяқпен (рогаткамен) тас атып жатқаны көрінген. Оқиға қоғамдық резонанс тудырып, облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізген болатын.

Тексеру нәтижесінде Дәурен Әлжапаровтың қызметтік этиканы бұзғаны анықталып, Тәртіптік комиссияның шешімімен ол басшылық қызметінен алынды. Алайда, департаменттің мәліметінше, Әлжапаров ішкі істер органдарынан толық шығарылған жоқ.

Полиция департаменті құқық қорғау саласындағы тәртіп пен этиканы сақтау әр қызметкер үшін міндетті талап екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қызметкерге тас атқан басшы жұмыстан қуылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар