Жыл басынан бері 1200-ден астам адамнан туберкулез анықталған
<p style="text-align: justify;">Биыл елімізде қауіп тобындағы 600 мыңнан астам адам флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен. Олардың 1 254-інен туберкулез анықталған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Профилактикалық флюорографиялық зерттеп-қарау - ересектердің арасында скринингтің тиімді әдістерінің бірі. Тексерудің арқасында патологияларды уақтылы анықтауға және пациенттерді қосымша зерттеп-қарауға және емдеуге жіберуге болады.
Жаңа туған нәрестелерге БЦЖ егу туберкулездің алдын алудың маңызды бөлігі. 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша перзентханада 158 776 бала (94,5%) БЦЖ вакцинасын алған. 1 жасқа дейінгі учаскеде тіркелген жері бойынша тағы 3 764 бала егілген. Осылайша, ел бойынша бір жылға дейінгі балаларды БЦЖ вакцинациясымен қамту 97,01%-ды құрап отыр. (ДДҰ стандарты 95%-дан кем емес).