Технология
1 мин оқу 50

19 шілде күні eGov және басқа да онлайн мемлекеттік қызметтер уақытша жұмыс істемейді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ұлттық ақпараттық технологиялар&raquo; АҚ жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Бұл жұмыстар компанияның сүйемелдеуіндегі жобалардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

19 шілде күні eGov және басқа да онлайн мемлекеттік қызметтер уақытша жұмыс істемейді

Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 19 шілде күні сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін жоспарланған. Уақыт аралығы пайдаланушылар белсенділігі ең төмен кезеңге сәйкес таңдалған, осылайша мүмкін болатын қолайсыздықтарды азайту көзделіп отыр.

Аталған кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі:

  • eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
  • e-Otinish, E-license порталдары мен Ашық үкімет жүйелері;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
  • «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;

Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және электрондық үкімет шлюзі арқылы біріктірілген өзге де мемлекеттік қызметтер.

— Ыңғайсыздықтардың алдын алу үшін қажетті операцияларды алдын ала аяқтап, техникалық жұмыс уақытына құжаттардың қағаз нұсқасын дайындап қою ұсынылады, — делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:
19 шілде күні eGov және басқа да онлайн мемлекеттік қызметтер уақытша жұмыс істемейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар